Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Бейбіт Қайыркешұлы Исманов Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары және әкімнің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа қызметке келгенге дейін СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып жұмыс істеген, деп жазады Qazaqstan Media.

Бейбіт Исманов М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Автокөлік инженер-механигі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ ол Мәскеу заманауи гуманитарлық ғылымдар институтының түлегі. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1988 жылы Петропавл қаласындағы ПМК-76 мекемесінде бастаған. Мемлекеттік қызметте 2002 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келеді.

Осы уақыт аралығында Петропавл қаласы әкімінің көмекшісі, әкім аппаратының басшысы, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Айыртау ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Олимпиада күні туған сәбилерге ерекше құрмет көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *