Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Баянтай ауылында жаңа су жүйесі іске қосылды. Енді ауыл тұрғындары таза әрі сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды Qazaqstan media.
Жаңа нысан прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған.
Жоба іске қосылғаннан кейін ауылдағы 240 адам орталықтандырылған ауызсуға қол жеткізді. Бұл тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, өмір сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар нысандарға тиімді бағытталып жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық салада 32 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
Тағы оқыңыз: Биыл СҚО-да музыка және агро фестиваль өтеді

