Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр – техникалық қадағалаушы

Петропавлда үйлері су астында қалған тұрғындарға қазір Солнечный – 2 шағын ауданында 500 баспана салынып жатыр. Бүгін аталған үйлердің болашақ иелері құрылыс алаңында болып, жұмыстармен танысты,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

62 жастағы Олег Кременской ес білгелі Ойқала ауданында тұрған. Биыл көктемде оның үйі су астында қалып, баспанасы жарамсыз болып қалды.

«Ол үйді әкем өз қолымен 1957 жылы салған еді. Мен сол жерде туып-өстім, балаларымды көтердім. Әрине, өкінішті. Бірақ амал жоқ. Мамандар баспананы тұруға жарамсыз деп таныды. Әзірге әйеліммен қызымның үйін паналап отырмыз. Жер үйде өскен адамға пәтерде тұру қиындау екен. Сондықтан бізге таңдау жасауға мүмкіндік бергенде біз бірден жеке баспананы таңдадық. Ал бүгін әкімдіктен хабарласып, болашақ үйімізді көруге болады деді. Қуана келістім», — дейді Олег Кременской.

Қала тұрғынына Солнечный – 2 ауданынан үй берілмекші. Қазір онда құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Олег Александрович баспанадағы әр бөлмені аралап, мамандармен тілдесті.

Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр – техникалық қадағалаушы Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр – техникалық қадағалаушы Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр – техникалық қадағалаушы

«Үй маған ұнады. Әйелім екеуімізге жетеді. Ең бастысы қыста жылы болса болғаны. Аулада бау-бақша егуге болады. Жер жеткілікті. Бұрын тауық ұстағанбыз. Олар үйімізді су басқанда шатырда қалған еді. Енді осында көшіріп алып келеміз. Осылай баспанамыздан айырылып, қиын жағдайға тап болғанда көмектесіп жатқан әкімдіктегілерге, барша жанашыр жандарға алғысымыз шексіз», — деді қала тұрғыны.

Бұл үйді «Зерттеу СК» ЖШС салып жатыр. Олар құрылыс жұмыстарын сәуірдің 24-і бастаған. Ал маусымның 5-сі күні баспана тапсырылуы тиіс. Құрылыс барысын техникалық қадағалау мамандары үнемі бақылап отырады.

«Әр маманға 10 үйден берілді. Солардың барлығын қадағалап отырамыз. Кемшіліктер болса түзеткіземіз. Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр», — деді «УКС СКО» ЖШС техникалық қадағалаушысы Андрей Брылев.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері мексикалық туристке көмектесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x