Жаңа Конституция жобасында елдегі ішкі тұрақтылыққа баса назар аударылған. Бұл бастаманы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ұйымы Шал ақын аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Ертайқызы қолдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Барлығымыз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
«Сол ынтымақты сақтай отырып, жас ұрпаққа патриоттықты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениетін үйретуіміз қажет. Өйткені, тәрбие тал бесіктен басталады. Сергеевка қаласында бірнеше ұлт өкілі тұрады. Бір-бірімізбен татумыз. Жаңа Конституцияның нәтижесінде бірлігіміз одан әрі нығая түседі деп ойлаймын» – дейді «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ұйымы Шал ақын аудандық филиалының төрағасы Бақытжан Ертайқызы.
Бақытжан Ертайқызы – онтүстіктің тумасы. Шал ақын ауданына 3 жыл бұрын көшіп келген. Өзімен бірге балалары мен немерелерін ерте келіпті. Нәзікжанды теріскейге қоныс аударғанына еш өкінбейді. Отбасыға әкімдік тарапынан үй берілген, екі қолға бір күрек те табылыпты. Зейнеткер аудан тұрғындарын 15-ші наурыз күні өтетін науқанға біркісідей қатысуға шақырды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да референдумды қолдауға арналған шаңғы жарысы өтті


