Петропавлдағы «Ұлттық банк» ғимаратының алдында Ұлттық спорт күніне арналған думанды іс-шара өтті. Бұл той қаланың қарбалас тіршілігіне бір сәт жылулық сыйлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қатысушылар өнерлерін ортаға салды, бақ сынады, астан дәм татты. Ләңгі тебу, арқан тартыс, тоғызқұмалақ. Осылардың барлығы бір жерде көрініс тапты. Қатысушылар белсенді қатысып, сергіп қалды. Тойшыл қауым бір-бірін құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Банк өкілдері Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Банк өкілдері Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

«Ұлттық спорт күніне орай жерлестеріміз үшін осындай шара ұйымдастырдық. Қонақтарға ойындар ұсынылды, сондай-ақ «Ұлттық банктің» банкноттары мен коллекциялық теңгелері таныстырылды. Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы облыстық театрмен бірлесіп өткізілуде. Бауырсақ, наурыз көже жасалды», — деді «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚОФ директоры Диас Мэлс.

Қала төрінде ұйымдастырылған тағылымдық, спорттық шара ұлттық құндылықты жаңғыртып, Наурыздың мән-маңызын көпшілікке тағы бір мәрте ұғындырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ұлттық спортымыз ұлықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *