Солтүстік Қазақстанда балықтың жаппай қырылуының алды алдынды. Облыстық балық инспекциясының мамандары Желякова көлінен 400-ден астам балықты аудап, Есіл өзеніне жіберді деп жазады Qazaqstan Medіа.
Балық инспекциясы мамандары көктем уақытында су жәндіктерінің жаппай қырылмауын жол бермес үшін су айдындарына тексеріс жүргізуде. Оның барысында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Желяково көлінің резервтік су айдынында балықтардың қырылу қаупі анықталды. Су тасқыны кезінде Желяково көлі Есіл өзенімен қосылады. Балықтардың жаппай қырылуына жол бермеу үшін балықты аулап, Есіл өзеніне жіберу жолымен құтқару бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 400-ден астам балық құтақырылған. Негізінен шортан, торт және аққайран ауланған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр 81 адамнан қатерлі ісік аурулары анықталған

