📌Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді. Ол балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді екенін айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, деп жазады Qazaqstan Media. 
 
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады.
Балалардың фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді болуы Үкімет отырысында айтылды
Балалардың фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді болуы Үкімет отырысында айтылды
«Бүгінде елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келеді. Яғни, халықтың үштен бір бөлігінен астамын балалар құрап отыр, нақты айтсақ – 34%. Еліміздің болашағы отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда “Қазақстан балалары” бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Үкімет отырысында жауапты министрлер бірыңғай Тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдері туралы баяндады. Онда білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нақты жоспарлар қамтылған. 
«Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың ішіп-жейтін тамағы – маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны алаяқтарға сеніп, пәтерін сатқан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *