Бүгін Есіл ауданындағы «Родник» жазғы сауықтыру лагерінде «Нептун күні» іс-шарасы өткізілді. Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары балаларға қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Іс-шараға лагерьде демалып жүрген балалар алдын ала дайындалған. Олар көрермендерге арнап КВН ойындарын көрсетті.
Ал, құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске салды. Ұл-қыздарға тілсіз жаудан сақтану жолдары мен оқыс оқиға бола қалған жағдайда адам өзін қалай ұстау керектігі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, бүгін оқушылар арасында өткен қызыл жалынның алдын алу тақырыбындағы сурет байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің мамандары оқушыларға арнап қызықты эстафета өткізді. Балалар өздерінің қырағылықтары мен ептіліктерін көрсете білді. Қарсылас шақ келтірмегендері біздің атымыздан грамота мен естелік сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, демалушылар өрт сөндірушілердің кәсіби киімдерін киіп көрді», — дейді Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Кенжебек Қожахметов.
Шара барысында балаларға суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік талаптары да түсіндірілді.
Тағы оқыңыз: Есірткі қылмысына қатысы бар жігіт 11 жылға сотталды