Балаға арналған карнавал костюмін таңдағанда не нәрсеге көңіл бөлу керек?

Балаға жаңа жылдық мерекеге арналған киімді таңдағанда неге назар аудару керек және ол қандай болуы керек? Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары киім материалының құрамында синтетика аз болуы, костюмның астары табиғи материалдан болуы тиіс деген кеңес береді. Киімнің қауіпсіздігі туралды QM тілшісінің материалынан оқыңыздар. 

Балаға меркелік киім алғанда сапалы болуына, оның ішінде маскада жағымсыз химиялық иіс болмауына назар аударыңыз. Сонымен қатар бояудың, жылтырдың іздерін қалдырмауы керек. Жаңа жылдық костюмді таңдаған кезде тігіс сапасы мен түймелеріне назар аударған жөн. Тігістер тегіс болуы керек, резеңкелер, белбеулер мен бекіткіштер денені қыспауы тиіс.  

«Бұйым туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс таңбалаудың болуына назар аударуды ұмытпаңыз: дайындаушының, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, бұйымның атауы мен түрі жазылуы тиіс. Табиғи және химиялық шикізаттың түрі мен пайызы, пайдалану процесінде бұйымға күтім жасау ерекшеліктері жөніндегі нұсқаулықтар болуы шарт. Киімнің мөлшері, аң терісін пайдалану кезінде — оның табиғилығы, жасандылығы мен өңделгені, боялған немесе боялмаған туралы ақпарат болуы шарт», — дейді мамандар.

Сатушы тұтынушының талабы бойынша оның қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттамамен, сәйкестік сертификатымен таныстыруға міндетті. Ұсынылған сертификатқа өнімнің тиесілігін тауарда және сертификатта көрсетілген сәйкестендіру белгілерін салыстыру арқылы тексеруге болады. Әдетте, киімнің сәйкестендіру белгісі-өндірушінің бренді немесе өнімнің артикулы болып табылады.

 Тағы оқыңыз: СҚО-да 17-ші желтоқсан жел күшейіп, боран болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *