Қазақстанда бірден бірнеше ұялы байланыс операторлары тарифтерді қайта қарау туралы хабарлады. Тарифтердің қаншалықты қымбаттауы мүмкін екені және қай операторларда өзгеріс болатыны туралы Tengrinews.kz жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Beeline: 2026 жылдың қаңтарынан бастап +15–20 пайыз

Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадин оператор тарифтерінің құны 2026 жылдың қаңтарында өзгеретінін растады. Оның айтуынша, өсім шамамен 15–20 пайызды құрайды. Компанияда атап өткендей, қымбаттау тек нарықтағы орташа деңгейден төмен тарифтерге ғана қатысты болады және абоненттер бұл туралы 30 күн бұрын ескертіледі.

Мәселен, 5 999 теңге тұратын танымал Mega тарифі 15–20 пайызға өскен жағдайда 6 899–7 199 теңге болады.

Ал 7 999 теңгелік Mega тарифінің төлемі 9 199–9 599 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Tele2/Altel: абоненттік төлем 2025 жылдың 25 желтоқсанынан бастап өзгеруі мүмкін

Tele2 мен Altel де абоненттік төлемді 25 желтоқсаннан бастап қайта қарайтынын мәлімдеді. «Мобайл Телеком-Сервис» АҚ басқарма төрағасы Александр Бабичевтің айтуынша, қымбаттаудың басты себебі — интернетке деген сұраныстың күрт артуы және инфрақұрылымның оған ілесе алмауы.

Компаниялар қазірдің өзінде келесі жылға арналған бюджет жоспарын дайындап жатыр және экономикалық, салықтық өзгерістерді, соның ішінде ҚҚС өсімін және инфляцияны ескеруде. Төлемнің өсімі шамамен 15–20 пайыз болады деп болжанып отыр.

Осылайша:

  • Pro тарифі (4 632 тг) – 5 327–5 558 тг болады.
  • Max тарифі (5 992 тг) – 6 891–7 190 тг дейін қымбаттауы мүмкін.
  • Unlim тарифі (9 192 тг) – 10 571–11 030 тг диапазонында болады.

KCELL: тарифтерді қымбаттату туралы шешім әлі қабылданған жоқ

KCELL компаниясында тарифтерді өсіру туралы шешім әзірге қабылданбағаны. хабарлады. Онда салық өзгерістерінің әсері зерттеліп жатқанын және бірнеше сценарий қарастырылып отырғаны айтылды. Қажет болған жағдайда компания абоненттерін алдын ала хабардар ететінін мәлімдеді.

Тарифтердің өсу себебі неде?

Операторлар тарифтердің қымбаттауын бірнеше фактормен байланыстырады:

  • электр энергиясына кететін шығындардың күрт артуы (өткен жылы — 6,5 млрд теңге);
  • ҚҚС өсімінен кейінгі салық жүктемесінің көбеюі;
  • валюта бағамының ауытқуынан болған қосымша шығындар (шамамен 3,7 млрд теңге).

Бұған қоса, интернет-трафик тұтынуының жылдам өсуі де елеулі әсер етуде — соңғы тоғыз жылда трафик көлемі 36 есеге артқан.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы мобильді байланыс тарифтері орта есеппен 15–20 пайызға өседі. Негізгі себеп — интернетке сұраныстың артуы және инфрақұрылымды жедел жаңғырту қажеттілігі. Компания өкілдері желіге инвестиция құюға, базалық станциялар, деректер орталықтары мен кэш-серверлер салуға мәжбүр екенін атап өтеді.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *