«Қазгидромет» мамандары 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Солтүстік Қазақстанда бұрқасын болып, тұман түседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, бұрқасын және көктайғақ болады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды. Астана қаласы мен Павлодар облысында бұрқасын тұрып, жел болады деп күтілуде. Ақтөбе, Абай облыстарында бұрқасын болады. Атырау облысында көктайғақ болып, тұман түсуі, бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарында қатты жел болуы мүмкін. Түркістан, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Жамбыл облысында тұман түседі. Қостанай облысында көктайғақ болады. Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

«Ал Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда 17 қаңтарда жаяу бұрқасын болады деп күтілуде. Петропавлда күн бұлтты, қар жауып, жел соғады. Оның екпіні 9-14 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -7…-9°C», — деп хабарлайды синоптиктер.

Тағы оқыңыз: Өрттің әлегі: Петропавлдық балалар жаттығуын өзге спорт мектептерінде жалғастырады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *