Осыдан тура 33 жыл бұрын 4 маусымда еліміздің туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде бекітілген болатын. Сондықтан бұл күн елімізде мемлекеттік мереке ретінде бекітіліп, 2007 жылдан бері тойланып келеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады», — делінген Ақорда сайтында.

Сондықтан бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Олар мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады. Сондай-ақ, бүгін Петропавлда мемлекеттік рәміздер күніне орай жаппай жүгіру шарасы өтеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Универсальная көшесіндегі автожол өткелінің құрылысы 72 пайызға аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *