Бүгін Қазақстанда «Ұмай» бағдарламасы арқылы өтінім қабылдау басталды. Ипотека тек қана әйелдерге арналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Нәзікжандыларға арналған ипотекаға ие болу үшін онлайн режимде өтініш тастауға болады. Несие 25 жылға беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі 14, 4%-дан басталатынын айта кету қажет. Ипотеканың 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі. Бастапқы нарықта (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықта тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиені қаржыландыру үшін Азия даму банкі «Отбасы банкіне» 15,6 млрд теңге транш бөлді.
Тағы оқыңыз: Облыс аумағын түтіннің басуына Ресейдегі өрттер себеп