[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-да аң деп жидек теріп жүрген әйелді өлтірген Сергей Лосеняға сот үкім шығарды. Зейнеткер 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған оқиға шілде айында Жамбыл ауданының Бауман ауылында орын алған болатын.  Жидек теруге шыққан Алтынай Мұздақбаеваны ауылдасы аң екен деп атып өлтірген. Абайсызда әйелді атып алған 65 жасар Сергей Лосеняға қатысты істі сот  жарты жылға жуық уақыт бойы қарады. Сот отырысы барысында айыпталуышының қаруды заңсыз сатып алып, сақтағандығы да анықталды. Прокурорлар зейнеткерді 4 жылға бас  бостандығынан айыруды сұраған. Алайда судья оның өз кінәсін толық мойындағандығын ескеріп, бұл мерзімді бір жылға кемітті.

«Сергей Лосеняның кінәсі толығымен дәлелденді. Сондықтан ол алдағы 3 жылын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізетін болады. Сондай-ақ, Сергей Лосеня жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуі тиіс»,-деді Мамлют аудандық сотының судьясы Азамат Дүйсенов.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/sud-2-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *