Ақжар ауданында ұстаздарға арналған облыстық семинар өткізілді

Ақжар ауданында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және олардың жүзеге асырылуы» атты облыстық семинар ұйымдастырылды. Оған өңіріміздің 75 ұстазы қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін Ақжар ауданындағы Бестерек орта мектебінде ұстаздарға арналған семинар ұйымдастырылды. Жиын барысында ұстаздар мен тәрбиешілер құндылықтарға негізделген тәрбие іс-шараларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер және түрлі стратегиялармен танысты. Сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби білімдерін арттыруға мүмкіндік алды.

Ақжар ауданында ұстаздарға арналған облыстық семинар өткізілді Ақжар ауданында ұстаздарға арналған облыстық семинар өткізілді

«Іс-шара мақсаты – біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда құндылықтардың маңызы мен олардың білім беру жүйесіндегі тиімді жүзеге асырылу жолдарын талқылау, сондай-ақ педагогтермен  тәжірибе алмасу. Облыстың түпкір-түпкірінен жиналған ұстаздарға ашық сабақтар көрсетіліп, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және олардың жүзеге асырылуы» атты облыстық семинарға 75 педагог,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және оқу ісінің орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен колледж оқытушылары қатысты», — деп мәлімдеді әдістемелік орталық директорының орынбасары Айгүл Мұхаметғалиева.

Осыған дейін дәл осындай семинар Шал ақын ауданында өткізілген екен. Ал желтоқсан айында Ғ. Мүсірепов ауданында ұйымдастыру жоспарлануда.

Тағы оқыңыз: Петропавл мектептерінде есірткінің зияны туралы жиындар ұйымдастырылып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x