Ақжар ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілті табысталды

Республика күні қарсаңында ақжарлық екі отбасыға жаңа баспаналардың кілті табысталды. Көпбалалы отбасыларды қоныс тоймен Qazaqstan Media тілшісі де құттықтап қайтты.

Ақжар ауданы Талшық аулындағы екі отбасысы үшін бүгін айтулы күн. Себебі, оларға көптен күткен баспаналарының кілті табысталды. Екі жанұя да әлеуметтік осал топқа жатады.

«Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Көптеген азаматтар  үшін өмірдің жоғары сапасының көрсеткіші, ең алдымен, өз баспанасының болуы», — деді баспана иелерін құттықтаған аудан әкімі Рүстем Елубаев.

Ақжар ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілті табысталды

Көпбалалы отбасылар осыған дейін жалдамалы баспаналарда тұрыпты. Енді міне, Республика күні қарсаңында үш бөлмелі тұрғын үйге қол жеткізіп отыр. Баспананың жалпы ауданы 74 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, үй маңында отын, көмір сақтауға арналған қоралары бар. Бұл үйлер тұрғындарға тегін беріліп отыр.

Ақжар ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілті табысталды

Тағы оқыңыз: СҚО-да өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар саны артқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x