Солтүстікқазақстандық жігіт Ақмола облысында есірткі жасырумен айналысып келген. Полицейлер оны дәл «жұмысының» барысында қолға түсірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ақмолалық полицейдер 19 жастағы жігітті тінту кезінде одан 23 полиэтилен орамасын, тағы 24-ін жалдамалы пәтерден тапты. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, күдікті a-PVP психотроптық затын таратқан, ол жалпы салмағы 40 грамнан асады. Бұл өте үлкен мөлшер болып саналады. Факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізеді, оның барысында жас жігіт қамауда болады. Ол ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Психотроптық заттарды заңсыз өткізу) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Елімізде докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау басталды