Төрт жылда бір болатын «Ақ бидай» республикалық ойынының келесі жарыстары Солтүстік Қазақстан облысында өтетін болады. Биыл VIII ауыл спорты ойындары Алматы облысында ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 20 спорт түрінен бақ сынасты. Төрт жылда бір өтетін бұл дүбірлі дода ауыл спортшылары үшін үлкен мереке саналады.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
I орын – Түркістан облысы (498 ұпай)
II орын – Алматы облысы (428 ұпай)
III орын – Батыс Қазақстан облысы (385 ұпай)
Салтанатты жабылу рәсімінде «Ақ бидай» IX республикалық ауыл спорты ойындарының туы келесі кезекті өткізу мәртебесі берілген Солтүстік Қазақстан облысына табысталды. Туды СҚО спорт басқармасының басшысы Рамазанова Қарлығаш Әсетқызы қабылдап алды.
Келесі төрт жылдан кейін спорт сүйер қауым Солтүстік Қазақстанда өтетін IX «Ақ бидай» ойындарында қайта қауышатын болады.
Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында World Clean Up Day халықаралық акциясы өтті