Қазақстанда азық-түлік корпорациясы жаңа маусымдағы астық бағасын жариялады. Бұл аграрлық сала өкілдерін қолдауға бағытталған. Отандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында белгіленеді. 2025 жылғы астықтың тоннасына белгіленген бағалар (ҚҚС-пен) 3-сыныпты бидай – 115 мың теңгеден болады, деп жазады Qazaqstan Media.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 2025 жылғы жаңа егіннің бағасын нарықтық деңгейден жоғары етіп белгіледі. Бұл үрдіс соңғы төрт жыл қатарынан жалғасып келеді. Ұлттық астық нарығының операторы алдын ала қаржыландыру бағдарламасы аясында фермерлерден кейін сатып алу үшін астықтың әділ құнын белгілейді.

Бағдарлама ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың тиімді құралына айналып отыр. Ол диқандарды күзгі науқанда қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді кепілдендірілген түрде өткізуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы астықтың тоннасына белгіленген бағалар (ҚҚС-пен):

3-сыныпты бидай (дән маңызы 27%+) – 115 мың теңге.

3-сыныпты бидай (25–27%, құлау саны 250-ден) – 96 мың теңге;

3-сыныпты бидай (25–27%, құлау саны 200-ден) – 94 мың теңге;

3-сыныпты бидай (23–24%, құлау саны 230-дан) – 92 мың теңге;

3-сыныпты бидай (23–24%, құлау саны 160-тан) – 90 мың теңге;

4-сыныпты бидай (20–22%, құлау саны 200-ден) – 82 мың теңге;

4-сыныпты бидай (18–19%, құлау саны 80-нен) – 80 мың теңге;

5-сыныпты бидай (18%) – 70 мың теңге;

Қатты бидай (мөлдірлігі 60, құлау саны 200-ден) – 90 мың теңге;

2-сыныпты арпа – 75 мың теңге.

«Жаңа маусымда дәстүрлі экспорттық нарықтар — Өзбекстан, Ауғанстан, Қытай, Иран және Тәжікстан сақталады. Сонымен қатар астық Солтүстік Африка елдеріне, Парсы шығанағына, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Қара және Балтық теңізі бағыттарына транзитпен жөнелтіле береді»-деп хабарлады ҚР АШМ.

Астық бағасының тұрақтылығын 2026 жылдың қыркүйегіне дейін ұзартылған көлік субсидиялары қамтамасыз етеді.

Тағы оқыңыз: Ұстаздық — жүрекпен атқарылатын қызмет

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *