Адам құқықтарын қорғау – демократиялық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әрбір азаматтың азаптау мен қатыгездіктен қорғалу құқығы халықаралық құжаттарда бекітілген. Қазақстан да БҰҰ-ның «Азаптауларға қарсы конвенциясына» қосылып, бұл бағытта нақты міндеттемелерді өз мойнына алған, деп жазады Qazaqstan Media.

Соңғы жылдары еліміз азаптауды жою және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруде маңызды қадамдар жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған реформалар нәтижесінде құқық қорғау саласындағы ашықтық артып, бақылау тетіктері күшейтілді.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) ерекше рөл атқарады. ҰАТ мүшелері жабық мекемелерге кенеттен бару арқылы жағдайды қадағалайды. Өткен жылы 800-ге жуық осындай бару жүргізіліп, азаптауға қатысты шағымдар саны 30 пайызға азайған»,-дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Жанат Жұмабаев.

Маңызды бағыттардың бірі – құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқыту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, азаматтарды өздерінің құқықтары мен заңсыз әрекеттерден қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қойылған міндеттер шеңберінде 1260 құқықтық оқу-ағарту іс-шаралары өткізілді.

 Сонымен бірге заңнама жетілдіріліп, «азаптау» және «қатыгездік» ұғымдары нақтыланды. Мұндай қылмыстарды тек прокуратура тергейді. Ал сотқа дейінгі тергеу мен сот процестерінің бейнежазбаға тіркелуі ашықтықты арттырып отыр.

Жүргізіліп жатқан жүйелі шаралар – адам құқығын қорғаудағы маңызды қадам.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш көлік соғылып, екі адам оқиға орнында көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *