Жамбыл ауданына жаңа әкім келді. Енді бұл қызметті осыған дейін облыстық экология департаментін басқарған Азамат Бектасов атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және СҚО әкімінің өкімімен Азамат Бауыржанұлы Бектасов Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
34 жастағы Азамат Бектасов 2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірді. 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Ал 2014 жылдың маусымынан мемлекеттік қызметке ауысып, СҚО бойынша экология департаменті бөлімінің бас маманы болған.
2015 жылдың қазан айынан СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
2017 жылғы мамырдан бастап СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың қыркүйегінен Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап «СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
Ал 2021 жылдың маусым айынан СҚО бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жамбыл ауданының әкімі болған Медет Оспанов өз еркімен жұмыстан кеткен болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бүтін бір отбасын қырып салған күдіктілер ізін суытпай ұсталды