Аялдамалар қысы-жазы таза тұруы тиіс – СҚО әкімі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі шаһар басшысы Серік Мұхамедиевке коммуналдық компания қызметкерлерін қар тазалауға үйретуді тапсырды. Өйткені, қыста тротуарлар мен аялдамалардың маңы дұрыс тазаланбайтын көрінеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық әкімдікте өткен жиында тағы бір талқыланған мәселе – аялдамаларға қатысты болды. Олардың қыс мезгілінде қар астында қалуы немесе маңайының көк мұз болып жылтырап жатуы жұрттың ашуына тиетіні анық. Сондықтан өңір басшысы қыстың қамын қазірден ойлап, қар күрейтін құралдарды осы кезден дайындау керектігін айтты.

«Аялдамалардың маңы таза тұруы тиіс. Тіпті, асфальт көрініп жатуы керек. Ал бізде ол жерлер мұз болып жатады. Сондықтан автобустан түскен тұрғындар тайғанап құлап, жарақат алады. Сіздің жауапсыздығыңыздан неге олар зардап шегуі керек? Бұл қарапайым нәрсе ғой. Оқу-жаттығу шараларын өткізіңіз. Коммуналдық қызметтерді дұрыстап қар тазалауға үйретіңіз. Орталық болсын, шеткі аудандарда болсын аялдамалар қысы-жазы таза тұруы тиіс. Мұз қатқан жерлеріне инертті материалдар төселуі шарт. Сондықтан осы жұмыстарды сапалы орындау үшін қолда бар техниканы дайындап, сақадай сай отыру керек», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов қала әкіміне.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 566 маман ауылға жұмыс істеуге барады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x