Биыл 3 қазанда петропавлдық Андрей Лукьянов үшін әдеттегі автобуспен үйге қайту сапары қылмыстық іске ұласты. Қоғамдық көлік салонында 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қыздың бетіне соққы беріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Белгілі болғандай, оған баланың бетіне киген маскасы ұнамаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сот материалдарына сәйкес, сол күні кешке Андрей Лукьянов жұмыстан әріптесімен бірге қайтып келе жатқан. Ол мас болған.Қоғам дық көлікк емінген кезде оның  назарыны «Крик» фильміндегі кейіпкердің бетпердесіне ұқсас маска таққан жолаушы  түскен.  Ол шамданып, бейәдеп сөздер айта бастаған, алайда ешкім жауап қатпаған. Сол сәтте ол шығу есігіне беттей жүріп, маска таққан жолаушылардың бірінің бетіне қолымен сілтеп ұрып жібереді. Кейін белгілі болғандай, ол кәмелетке толмаған мектеп оқушысы екен.

Жәбірленуші сыныптасымен бірге автобуспен үйіне қайтып келе жатқан. Олар ешкімге тиіспей, өзара тыныш сөйлесіп отырған.

«Артқы жақта екі ер адам отырған, олардың бірі бейәдеп сөз айта бастады. Біраз уақыттан кейін олар түспек болды, сол кезде олардың бірі менің шашымнан тартып, кейін жақындап келіп, қолымен бетімнен — мұрынымның тұсынан ұрып жіберді», — деді кәмелетке толмаған оқушы сотта.

Қыздарды қорғауға салонда болған әйелдердің бірі араласқан. Ол агрессия танытқан жолаушыларға айқайлап ескерту жасаған. Ал ер адамдар, сот материалдарына сүйенсек, ештеңе болмағандай, автобустан түсіп кеткен. Оқиғаның барлығы салонда орнатылған бейнебақылау камерасына тіркелген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, мектеп оқушысының бетінде ер адамның әрекетінен қалған жарақаттар — сызат пен көгерулер анықталған. Соққы қас, ерін және білек тұсына тиген.

«Оң қастың тұсында сызат, төменгі ерінде қан құйылу, сол білекте көгеру анықталды. Жарақаттар доғал, қатты заттың әсерінен, үйкелу, қысым және соққы салдарынан пайда болған», — делінген сарапшылардың қорытындысында.

Сотта Андрей Лукьянов өз кінәсін толық мойындады. Ол оқиға кезінде мас болғанын растады, бірақ жәбірленушінің кәмелетке толмағанын білмегенін алға тартты.

Сот оның шынайы мойындауын — жеңілдететін, ал мас күйінде қылмыс жасауын — ауырлататын мән-жай деп таныды. Жәбірленуші тарап материалдық және моральдық талаптарының жоқ екенін айтып, бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Сот ер адамның әрекетін ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша — «Бұзақылық» ретінде саралады.

«Лукьянов Андрей Анатольевич кінәлі деп танылсын және оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», — деп үкімді судья Елена Аушакимова жариялады.

Алдағы екі жыл ішінде ер адам тұрақты тұрғылықты жерін өз бетінше өзгерте алмайды. Ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынады және қаладан рұқсатсыз шыға алмайды.

Үкім заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: 2028 жылы СҚО-дағы ауылдардың 98 пайызы сапалы интернетпен қамтылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *