Ауызашар мәзірі: Петропавлда ораза ұстағандарға дәмханалар қандай тағамдар ұсынады

Көпшілік қазір ауызашарды қоғамдық тамақтану орындарында жасағанды құп көреді. Осыған  байланысты Петропавлдағы бірқатар дәмханалар мен мейрамханалар арнайы мәзір дайындаған. Өңір тұрғындары қай жерде ауызашар бере алады? Qazastan Media тілшісі анықтап көрді.

Бүгін Қасиетті Рамазан айының төртінші күні. Ораза басталғалы Петропавлдағы бірқатар дәмханалар мен мейрамханалар арнайы мәзір әзірлеп, ауызашар беріп жатыр. Мәселен, қалаға кіреберіс жерде орналасқан «Усадьба» мейрамханасы тұрғындарға арнайы тағамдар жиынтығын (сет) ұсынған. Бағасы 7-12 мың теңге аралығында.

«Бірінші сетқа көкеніс салаты, тауық сорпасы, трюфельді мусс қосылған көксерке, нан корзинасы беріледі. Бағасы – 7000 теңге. Ал екінші тағамдар жиынтығы 9000 теңге тұрады. Оған тауық салаты, туралған көкеністер, борщ пен қой етінен жасалған котлет пен пюре кіреді. Ал бағасы 12000 тұратын тағамдар жиынтығында келушілерге цезарь салаты, балық сорпасы мен  стейк және жеміс беріледі. Барлық сетқа су, құрма мен келушілердің қалауына қарай шәй беріледі», — делінген «Усадьба» мейрамханасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Петропавлдағы «Ланджоу» дәмханасы қасиетті айға орай тұрғындарға ифтар мәзірін 15% жеңілдікпен ұсынған. Бұл тамақтану орнында келушілердің таңдауына қарай  1470 — 1915 теңге аралығында арнайы мәзір ұсынылған.

Танымал  «Бакшиш» мейрамханасында аптаның жеті күніне жеке-жеке ауызашар мәзірі дайындалған. Ораза ұстаған адамдар 5990 теңгемен ауыз аша алады.

«Дүйсенбі күні тұрғындарға сорпа, палау мен салат ұсынылады. Ал сейсенбі күні мастава, мәнті мен ашхабад. Сәрсенбі күні қазақша ет, гуйру лағман, чобан беріледі. Бейсенбі күнгі мәзірге  балық сорпасы, кәуап, шығыс салаты кіреді. Жұма күні солянка, винегрет пен күріш қосылған лазру, сенбі күні жасымық сорпасы, картоп пен  қой етінің қабырғалары, көкеніс салаты беріледі. Ал жексенбі күні тұрғындарға нарын, кәуап пен салат ұсынылады. Және барлық күні қасиетті айға орай мәзірге бауырсақ пен құрма және су қосылып беріледі», — делінген мейрамхананың «Instagram» парақшасында.

Көпшілік қазір ауызашарды қоғамдық тамақтану орындарында жасағанды құп көреді. Осыған байланысты Петропавлдағы бірқатар дәмханалар мен мейрамханалар арнайы мәзір дайындаған

Қаладағы Altyn Orda мейрамханасында да арнайы ауызашар меню дайындалған. Мұнда келушілерге құрма мен көже мекеме атынан беріледі екен.

Ауызашар мәзірі: Петропавлда ораза ұстағандарға дәмханалар қандай тағамдар ұсынады

10 наурыздан  9 сәуірге дейін «Той-думан» мейрамханасы да ауызашар өткізуге шақырады. Бұл мекемеде ауызашар өткізу адам басына 5000 теңгеден деп белгіленсе, «Арман-ай» мейрамханасында 4500 теңге тұрады.

«Ауызашар мәзіріне туралған көкеніс, екі түрлі салат келушілердің таңдауына қарай нан корзинасы бауырсақ пен бүйрек, тауық  етінен жасалған самса, бәліш ұсынылады.  Ал сусындардан шәй мен минералды су беріледі. Шығыс тәттілері де қосылған. Егер тұрғындар ет ас десе, онда қамырын жайып, пісіріп бере аламыз», — дейді мейрамхана ұжымы.

Көпшілік қазір ауызашарды қоғамдық тамақтану орындарында жасағанды құп көреді. Осыған  байланысты Петропавлдағы бірқатар дәмханалар мен мейрамханалар арнайы мәзір дайындаған

Қасиетті Рамазан айына орай  ауызашар мәзірі BEY дәмханасы мен атақты Royal Palace мейрамханасында да бар.

Тағы оқыңыз:СҚО-да кәсіпкер нанның бағасын 43% өсіріп жіберген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x