[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/192544-innerresized600-600-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Ауызашар беру – сауапты іс. Алла елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, оған ораза ұстаған адамның сауабындай сауап жазылады», — деп айтқан. Бұл ізгі амал арқылы күнәлар да кешіріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін қасиетті Рамазан айының 13-күні. Бұл уақытта Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекіту – Исламның 5 парызының біріне жатады. Ораза ұстау мұсылмандардың парызы екені айтпаса да түсінікті. Енді діни амалдың сауабына тоқталайық.
«Алла Тағала: «құлымның әрбір құлшылығы өзі үшін. Бірақ, оразаның жөні бөлек. Сауабын өзім беремін», — деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «ораза ұстаушының 2 қуанышы бар. Бірі – ауыз ашқан, екіншісі Раббысына қауышқан кездегі қуанышы», — деген, — дейді Қызылжар қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев.
Ауызашар берудің өзі үлкен сауапқа кенелтеді. Ораза ұстаған жанды тамақтандырған адам құлшылық етіп жүрген жанның сауабындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабы кемімейді. Бүгінде халық арасында ауызашар беру бойынша 2 пікір қалыптасқан. Өңірдің кейбір аудандарында біреу қайтыс болған жағдайда, сол үй 3 жыл қатарынан ауызашар беру керек деген түсінік қалыптасқан. Алайда, Қасымхан Исаевтың айтуынша, шариғатта мұндай пікір көрсетілмеген.
«Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі, тозақтан азат болады әрі оған сауабы кемімістен ораза тұтқан кісінің сауабындай тең сауап беріледі», — деген. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, баршамыздың ораза ұстаған кісіге ауыз аштыратындай шамамыз келмейді», — дейді. Сонда Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «ораза ұстаған адамға сумен, құрмамен ауыз аштырса немесе аздаған сүт берсе де, сауап алады», — деген», — дейді Қызылжар қалалық мешітінің бас имамы.
Тағы соңғы уақытта қоғам арасында сәресін «сухур», ауызашарды «ифтар» деп араб тілінде айтушылар көбейіп кетті. Бұның қаншалықты орынды екенін Қасымхан Исаевтан сұрап көрдік.
«Сухур, ифтар – бұл араб еліндегі мұсылмандар қолданатын сөз. Оны барша мұсылмандар түсінеді. Біз қазақша сәресі, ауызашар дейміз. Қай тілде айтса да айырмашылығы жоқ», — дейді Қасымхан Исаев.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]