Мұсылмандар үшін қасиетті және құлшылық айы болып саналатын Рамазан айының басталуына үш күн қалды. Пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілді. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі тойланады.  Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында СҚО бас имамы және облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамының қатысуымен брифинг өтті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Брифинг барысында облыстың бас имамы Ораза айына қалай дайындалу қажет екендігін айтты. Хамзат Әділбековтың айтуынша, қасиетті ай жақындаған кезде күнделікті ішіп жүрген тағам мөлшерін азайтып, ағзаны оразаға дайындаған абзал. Бұдан бөлек, дәрігерлерге қаралып, тексерістен өткен жөн.

«Дәрігерлер ораза ұстауға болмайды десе, онда мамандардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Кейде адамдар мұны ескермей, кейін жағдайы нашарлап бәрібір оразасын бұзуға тура келеді. Денсаулық —  Алланың аманаты. Осыны естен шығармаған абзал. Ең бастысы Ораза айын тек ашығу айы деп қабылдамау қажет. Бұл ең алдымен, рухани жаңғыру, және өзіңнің бойыңдағы ұнамсыз қасиеттерден арылу айы», — деді СҚО бас имамы Хамзат Әділбеков.

Сондай-ақ бір ай бойы өңірдегі мешіттерде ауызашарлар беріледі. Осы ретте СҚО бас имамы өңірдегі дәмханалар мен мейрамханалардың иелеріне үндеу жасады.

«Бүгіндері ауызашарға аста-төк дастархан жайылып жатады. Бұл дұрыс емес. Ысырапшылдық болып саналады. Өйткені, аузы берік адам көп тамақ іше алмайды. Тез тойып қалады. Ал қалған астың барлығы жай қалып жатады. Мұндай дастархандар әсіресе, мейрамхана, дәмханаларда жайылады. Әрине, біз оларға бағаны төмендет, ас мәзірін өзгерт деп айта алмаймыз. Дегенмен, осы қасиетті айда бағаны сәл арзанырақ қылуға да болар еді», — деп түйіндеді СҚО бас имамы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда май экстракциялау зауыты іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *