«Ауыр халде жатыр»: Петропавлда жүк көлігі жасөспірімді соғып кеткен

Петропавлда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жасөспірімді жүк көлігі қағып кеткен. Баланың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Жасөспірімнің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 26-шы қыркүйек күні Жас өркен шағын ауданындағы жаңа қазақ театрының маңында тіркелген. Жүк көлігі 17 жастағы баланы жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен.
Қазір зардап шеккен жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

«17 жастағы бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Есін біледі, өздігінен демалады. Бірақ алған жарақаты ауыр. Оның жамбас сүйегі бірнеше жерінен сынған» — деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жасөспірімнің қатысумен болған жол-көлік оқиғасына байланысты нақты ақпаратты алу үшін СҚО ПД-не сұрау жолданды.

Тағы оқыңыз: Елімізде жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасын көтеру ұсынылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x