Ауылға жұмыс істеуге баратын мамандарға төленетін көтермеақы өседі

Ауылды жерлерге жұмыс істеуге барған мамандарға төлемдер, тұрғын үй алу үшін берілетін жеңілдіктер өзгереді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда 2009 жылдан бері ауылды жерлерге баратын мамандарды қолдау бағдарламасы жұмыс істейді. Алтыншы маусымда ұлттық экономика министрі «Ашық НҚА» порталында осы бағдарламаға байланысты өзгертулер енгізу жобасы жариялады.

Жобаға сәйкес мамандарға 2024 жылы әлеуметтік қолдау көрсетуге төленетін көтермеақы – 100 АЕК, 369 200 теңге болады. Бұл мамандар санатына дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметкерлер жатады. Сонымен қатар  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне де төленеді. 

Тұрғын үй несиесін беру шарттары да өзгереді. Осылайша, несиенің максималды сомасы елді мекенге байланысты болмақ. Аудандардың әкімшілік орталықтарында – 2500 АЕК-ке дейін (9 230 000 теңге) алуға болады; ауылды елді мекендерде – ең жоғары сома 2 000 АЕК-ке (7 384 000 теңге) дейін болады.

«Бұл бағдарлама бойынша ауылды жерлерге көшетін қазақстандықтар мына талаптарға сай болуы керек: несие бойынша өтелмеген қарызы, сондай-ақ соңғы екі жылда күнтізбелік 90 күннен астам қарызы болмауы кере. Өтініш берген күннен бастап соңғы екі жыл ішінде келетін елді мекенде (облыстық маңызы бар қалада) тұрғын үйі (қатысушылардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) болмауы керек. Ал қазақстандықтар осы талаптарға сай болса, шағын елді мекендерге көшкен кезде қолдау ретінде төлемдер мен жеңілдітілген несиемен тұрғын үй ала алады», — деп жазылған  хабарламада.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Елде суды көп қолданатындар үшін жоғарылатылған тариф енгізіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x