М.Жұмабаев ауданында өрт оқиғасы орын алды. Қызыл жалын жеке тұрғын үйді шарпыды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға Булаево қаласында болды. Тілсіз жаудың бастамасына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды. Қызыл жалын 54 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетті. Өртті сөндіру барысында мамандар газ баллонын шығарып үлгерді. Тиісінше, жарылыстың алдын алды»,- дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қызыл жалын тез арада ауыздықталды. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.

Тағы оқыңыз: Министрден марапат алған Арман Арқаев

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *