[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/bb330c2a4b8638c90609666c028b7f4e_original.233138.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейтудің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн екенін ескертті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ауылды дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Енді елді мекендегі кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мақсатқа биыл 143 млрд теңге қарастырылады. Яғни, 1,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылмақ. Тағы құрал-жабдық пен техника сатып алу үшін 1 триллион теңгеге жуық қаржы беріледі.

«Мен сайлау алдында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл – маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек.Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», – деді Президент.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x