Ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан: Шал ақындық еңбек ардагері 85 жасқа толды

Шал ақындықтар еңбек ардагері Владимир Митронинді 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Салтанатты шара аудан орталығы Сергеевка қаласында өтті, деп жазады Qazaqsan Media тілшісі.

Владимир Митронин 1939 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Советское ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1956 жылы осы ауданның Тораңғұл жеті жылдық мектебін бітірген. Кейін  Ленин ауылшаруашылық техникумына агрономия бөліміне оқуға түседі. Оны тәмамдаған соң Қорған ауылшаруашылық институтына оқуға жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1965 жылы Ленин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына аға агроном болып жұмысқа жіберілді. Сол жылы осы ауданның Заречный совхозына бөлімше агрономы болып жұмысқа ауыстырылады. Ал 1967 жылы Мамлют ауданы Қызыл-Әскер совхозының бас агрономы болып тағайындалды. Кейін совхоз директоры, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеген. 1975 жылы Қазақстан Компартиясы Сергеев аудандық комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Ал 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Тимирязев аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1988-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Бескөл аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды.

Оның бүкіл өмірі ауыл шаруашылығымен байланысты болды. Ол туған жерінің игілігі үшін еңбек етіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосты.

«Бүгін барлығымыз еңбек ардагері Владимир Митрониннің 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға жиналып отырмыз. Владимир Александрович ауыл шаруашылығы саласының дамуына, ауданымыз бен өңіріміздің гүлденуіне зор үлес қосты. Әлі күнге дейін жастарға ақыл-кеңесін аямайды. Сізге зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз», — деді мерейтой иесін құттықтаған ауданы әкімі Қайрат Омаров.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан: Шал ақындық еңбек ардагері 85 жасқа толды
Ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан: Шал ақындық еңбек ардагері 85 жасқа толды

Салтанатты шараға қатысып, Владимир Александровичті құттықтауға келген оның үзеңгілес достары да мерейтой иесінің өте еңбекқор және мықты маман болғанын айтады.

Тағы оқыңыз: Солтүстікте адамдарды өлтіріп, денелерін шұңқырға көмген қылмыстық топтың басшысы 25 жылдан кейін сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x