2025 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңір тұрғындарымен кездеседі. Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді де қабылдайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрдің тұрғындармен кездесуі туралы хабарлама ведомстваның ресми парақшасында жазылған. Оның барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланады.

Кездесу Петропавл қаласында, Әуезов көшесі, 266 мекенжайы бойынша, сағат 10:00-де басталады. Бұл -«Масло-дел» зауытының ғимараты.

Аталмыш іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстар болса, оларды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жолдауға болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да агроөнеркәсіп саласында 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *