Солтүстік Қазақстандағы Булаево, Мамлютка, Тайынша және Сергеевка қалаларының мәртебесі өзгеріп, ауылға айналады деген әңгіме біраздан бері айтылып жүр. Алайда нақты шешімді жергілікті тұрғындар қабылдайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Qazaqstan Media редакциясының сауалына берген жауабында.

Министрліктің түсіндіруінше, қала мен ауылдардың мәртебесін өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Қала мәртебесінен айырып, ауылға айналдыру үшін алдымен жергілікті тұрғындардың келісімі қажет. Сондай-ақ, бұл шешімге тиісті әкімдік пен мәслихаттың мақұлдауы керек.

Бұған қоса, бірқатар құжаттар дайындалуы тиіс: экономикалық есептеулер, карта, түсіндірме жазба және ғылыми сараптама нәтижесі. Тек осы құжаттар әзірленгеннен кейін ғана ұсыныс Үкіметке жолданады. Егер Үкімет қолдаса, соңғы шешім қабылдау үшін Президентке ұсынылады.

2019 жылғы деректерге сүйенсек, Мамлютка қаласында – 6 866, Булаевода – 7 742, Сергеевкада – 7 687 адам тұрған. Қазіргі таңда бұл шағын қалалардағы халық саны туралы нақты дерек жоқ.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 515 967 адам тұрады. Оның шамамен жартысы – қалаларда, ал 257 797 тұрғын ауылдық елді мекендерде тіркелген.

Тағы оқыңыз: Қазақстан статистикасына — 105 жыл

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *