СҚО тексеру комиссиясы Ақжар ауданында аудиторлық тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 49,4 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгіндері қазынаға 35,8 млн теңге қайтарылған. Бюджет шығыны 75,7 мың теңгені құрайды. Рәсімдерді орындау тәртібін бұзудың 17 фактісі және бір жүйелік кемшілік анықталды.
«Аудиторлар 33,8 млн теңгеге салық заңнамасының нормаларын бұзу фактілерін анықтады. Бұл 2019 жылы жүргізілген аудитпен салыстырғанда қаржылық заң бұзушылықтар санының өскендігін көрсетеді. Бес жыл бұрын 8,1 млн теңге болған. Сондай-ақ аудандық жер қатынастары бөлімінде 15,6 млн теңгенің заң бұзушылықтары тіркелді», — делінген облыстық тексеру комиссиясы ұсынған ақпаратта.
Тексеріс нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 55 әкімшілік материал жасады.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық оқушы Асанәлі Таласпай «Жыл еріктісі» атанды