Аударыспақтан ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығу жиындары Алматы облысында ұйымдастырылған. Олар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аударыспақтан қатысатын ұлттық құрама сапында 12 спортшы бар.
«Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында осымен екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Спортшылар жоспар бойынша жаттығуда. Ойындарға дейін сақадай сай дайын болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз — намысқа тырысып, ойдағыдай өнер көрсету. Себебі, Қазақстан – көшпенділер ойындарын өткізетін ел. Сондықтан, жеңіске жету үшін барымызды саламыз», — деді Аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев.
Аударыспақ – екі салт аттының күресі, ұлттық спорт түрі. Жарыстар арнайы жабдықталған диаметрі 15 метрлік шеңбер тәріздес алаңда өтеді.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында аталмыш спорт түрінен жарыс этноауыл аумағында 9-10 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.
Тағы оқыңыз: Рахат Смағұлов М. Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды