Петропавл қалалық мәслихатында кезекті қоғамдық тыңдау өтті. Онда Бірлік ауданындағы 28 көшенің атауы бекітілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жиынға 73 петропавлдық қатысты. Оларға қоғам тарапынан ұсынылған көше атаулары көрсетілді. Айта кетейік, олардың көп бөлігін ардагерлер ұсынған.

«Аталған өтініштер 2025 жылғы 10 сәуірде жұмыс тобының отырысында қаралды. Ономастикалық жұмыстарды жүргізу кезінде жергілікті атқарушы органдар тіл заңнамасын, «Қазақстан Республикасында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды», Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Дәстүрлі атаулар» және «Тарихи жер-су атаулары» тізбелерін басшылыққа алды. Бұл біздің қоғамда келіспеушіліктер туғызбайды», — деді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаев.

Сөйтіп, енді Бірлік шағын ауданындағы 28 көшеге Кең дала, Бастау, Ақсай, Атамекен, Ботай, Көкжар, Тұран, Жетісу,  Ақ жайлау, Аламан, Мирас, Мерейлі, Қазына, Дәстүр, Шаттық, Арман, Байтақ, Ырыс, Медеу, Ортақ, Азаттық, Жайлы, Серуен, Бәйтерек, Домбыралы, Шапағат, Келешек, Алатау деген жаңа атаулар берілді. Оларды қоғамдық тыңдауға қатысқандар бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, алдағы уақытта Петропавлда атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованың есімдері берілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі демалысын лагерьде өткізді

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *