Наурыздың 15-і ел үшін маңызды күн. Бұл күні жаңа Конститутцияны қабылдауға қатысты жалпы халықтық референдум өтеді. Саяси науқанға қатысып, дауы беру әр азаматтың міндеті. Себебі, бұл –ұлт болашағы үшін керек. Тарихи кезең. Осы орай облыстың ардагер ұстаздар, боалашқ ұрпақтың жарықн өмірі үшін таңдау жасау керектігін айтуда, деп жазады Qazaqstan Media.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында Конституция алғаш рет кең көлемде өзгертілейін деп жатыр. Түрлі саладан 100-ден астам маман бас қосып, Ата заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды талқылады. Халықтың пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Өзгеріс алдымен, әрине заман талабына сай керек. Жаһандану кезеңінде уақытпен санасқан абзал. Алайда, халықтың ұстанымы да өте маңызды. Осы орайда, өңірдің ардагер ұстаздары заңға енгізілетін өзгерістерді мұқият тыңдап, зерделеген дұрыс дейді.
«Егеменді елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Соның бірі- Ата заңымыза өзгеріс енгізу. Биылығы жылы 80 пайыз өзгерту енгізілді. Ол әрине үлкен жетістік. Сондықтан қандай өзгеріс болса да, бәріміз соны қарап, мұқият тыңдап, естіп, соны зерттеу қажет. Өзіміз үшін емес, болашақ ұрпақты ойлауымыз керек. Сондықтан 15-ші наурыз күні болатын референдумға біз бәріміз бірге қатысып, өз дауысымызды беру керекпіз. Біздің болашағымыз үшін, Қазақстанды жоғары белестерден көрсету үшін керек. Жас ұрапғымыз үшін керек»,- дейді ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер ұстаз Сәуле Кереева.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі білім сапасын күшейтуді, кадр мәселесін жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды

