Петропавлдағы кей мектептердің оқулықтары оқу бағдарламасына сай емес. Ол жайында ата-аналар әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Әлеуметтік желідегі жазбалардың бірінде Петропавл қаласындағы № 42 орта мектепте қазақ тілі кітабының жоқтығы жазылған. Оның үстіне оқулықтар оқу бағдарламасына сай болмай шыққан.
«Кітапты берсе де олар оқу бағдарламасына сай болмай шығады. Сонда балалар қалай сабақ оқиды? Неге оқушылар зардап шегуі керек», — деп жазған ата-аналар.
Ал обылстық білім басқармасы тамыз айының соңында барлық мектептерді оқулықтармен қамтыдық деп отыр. Олар мұндай жазбаны өздерінің инстаграммдағы ресми парақшасында жариялады.
«Оқушылар 2023-2024 оқу жылына барлық қажетті оқулықтармен 100% қамтылған. Әр оқушыға қосымша оқуға көркем әдебиет кітабы берілді. Мектеп оқулықтарымен қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға жауап беретін байланыс орталығы жұмыс істейді. Оқулықтармен қамтамасыз етуде қиындықтар туындаса, 8 7152 42-32-88 call- орталығына немесе 87713619688 вотсап номеріне хабарласуыңызды сұраймыз. Мамандар мәселеңізді қысқа мерзімде шешуге тырысады», — деп жазылған басқарма парақшасында.
Тағы оқыңыздар: СҚО есірткі қылмысы көп тіркелетін өңірлер қатарында