Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Ол 7 қыркүйек күні «Көшпенділер әлемі» Шаттық керуенімен салтанатты түрде ашылды. Шара 14-ші қыркүйекке дейін жалғасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Шара қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен тануға мол мүмкіндік береді. Елорда тұрғындары, қонақтар мен ойындарға қатысушылар үшін «Көшпенілер әлемінде» өтетін барлық мәдени іс-шараларды тамашалау тегін. Ал спорттық шараларды көру үшін билет сатып алу қажет.
Спорттық жарыстар 8-14 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келді.


Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасына сәйкес спорттың 20 түрінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар спорттың 10 түрі арнайы таныстырылым ретінде дүйім жұртқа таныстырылады.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 110 медаль жиынтығы ойнатылады. «Қазанат» ипподромына бір уақытта 10 мың көрермен келе алады.

Этноауыл кешені күніне 30 мыңға жуық келушіні қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында Отбасы күніне орай бірнеше жанұя марапатталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x