Әр сенбі сайын елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген тауар өндірушілер өз өнімдерін сатады. Осы аптада саудаға Солтүстік Қазақстан облысының тауар өндірушілері қосылды. Тайынша ауданынан келген шаруалар елордаға қандай экологиялық таза өнім әкелгенін Qazaqstan Media тілшісі білді.

Өткен апталарда жәрмеңкеде Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының өндірушілері сауда жасаған болатын. Енді кезек солтүстікқазақстандықтарға келді.

Жәрмеңкеде Тайынша ауданынан әкелінген өнім түрі мол болды. Аудан әкімінің орынбасары Әділет Рақымжанровтың айтуынша, олар шамамен 50 тонна азық-түлік әкелген: 20-ға жуық сиыр еті, сондай көлемде қой еті, картоп, сәбіз, орамжапырақ, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері, шұжықтар мен ұн. Астанада шамамен 25 жергілікті тауар өндіруші сауда жасап жатыр.

Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды
Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды

«Бағалар барлық жерде бірдей — нарықтан 10–15 пайызға төмен. Таңертеңнен бері сауда жақсы жүріп жатыр, әкелген өнімнің жартысына жуығын сатып үлгердік. Біз мұндай жәрмеңкелерге жыл сайын қатысамыз. Биыл ең көп сұраныс сиыр етіне. Адамдар сапасын мақтап жатыр, біз үшін бұл қуаныш», – деді Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Әділет Рақымжанов.

Елорда тұрғындарының ерекше қызығушылығын «Лекер» компаниясының ет өнімдері тудырды. Өндіруші ветчина, шұжық, төс еті, сосиска және басқа да өнімдер әкелген. Барлық тауар табиғи еттен – сиыр мен шошқа етінен дайындалады. Құрамында соя, тауық еті немесе жасанды қоспалар жоқ.

Сатып алушылар әсіресе сосискаға көп көңіл бөлді. Ассортиментте тауық еті қосылған, классикалық және балаларға арналған сүтті түрлері бар. Сондай-ақ, пісірілген шұжық та үлкен сұранысқа ие болды. Оны килограммына 2139 теңгеден ұсынды.

Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды
Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды

«Біздің барлық өнім табиғи еттен жасалады. Ешқандай соя да, басқа қоспа да жоқ. Мұны адамдар байқайды және қуана сатып алады. Әсіресе сосиска жақсы өтуде. Бағаларымыз қолжетімді, себебі өзіміздің өндірісіміз бар. Біз жәрмеңкеге жыл сайын қатысамыз, сатып алушылармен кездескенімізге әрдайым қуаныштымыз», – деді «Лекер» дүкенінің сатушысы Ольга Исаева.

Жәрмеңкенің тұрақты келушілерінің бірі – астаналық Валерия Бондарева. Ол отбасымен бірге келіп, бірден ет өнімдері сатылатын қатарға бет алды.

«Мен әрдайым табиғи етті таңдаймын, әсіресе оны өндірушілердің өздері әкелсе.Бүгін сиыр еті мен қызым үшін сосиска алдым — сапасы тамаша, бәрі жаңа, иісі дәмді. Ең бастысы — бағасы көңілге қонымды. Осындай жәрмеңкелердің жиі өтіп тұратынына өте қуаныштымыз, мұнда атмосфера да ерекше, музыка ойнап тұрады, – деді Валерия.

Оның айтуынша, мұндай жәрмеңкелер — бір аптаға жетерлік азық алу мен жергілікті өндірушілерді қолдаудың тамаша мүмкіндігі.

Жалпы Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері астаналықтарға 735 тоннадан астам өнім жеткізді.

Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды
Астанада өткен жәрмеңкеде Тайынша ауданының кәсіпкерлері 50 тонна өнім ұсынды

Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрғындарды қуантуын жалғастыруда. Олар жергілікті өндірушілерді қолдап қана қоймай, халыққа сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнім сатып алуға мүмкіндік береді. Жәрмеңке 20 қазанға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Елордада СҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *