Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда. Елдің түкпір-түкпірінен келген өндірушілер елордаға таза әрі қолжетімді өнімдерін жеткізуде. Бұл демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері  сауда жасауда. Олардың қатарында Жамбыл ауданының шаруалары да өз өнімдерін елорда тұрғындарына ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Таңертеңнен бастап жәрмеңке «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Осы демалыс күндері мұнда Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлері өз өнімдерін алып келді. Барлық өнім – жаңа, табиғи және ең бастысы, базар бағасынан 10–15 % арзан.

Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді
Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді

Жамбыл ауданының кәсіпкерлері елордаға 20 тонна көкөніс – картоп пен сәбіз, сондай-ақ 20 тұтас сиыр еті, 20 тұтас қой еті және 10 тұтас жылқы етін жеткізді. Бұдан бөлек, май, сүт өнімдері, қымыз және бал сатылымда бар.

Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді
Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді

«Барлығы шамамен 50 тонна өнім әкелдік. Оның ішінде көкөніс, ет, май бар. Барлығы жергілікті фермерлер мен қожалықтардан алынған, таза әрі сапалы. Бағасы базардан төмен, сұраныс жоғары. Халық ең алдымен ет пен көкөніске қызығушылық танытуда, – деді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Руслан Аюпов.

Сатып алушылар да риза. Жәрмеңкеге астаналықтар отбасы болып келіп, өнімді тікелей өндірушілерден алады. Астана тұрғыны Ербол Серікбаев Жамбыл ауданының фермерлерінен үш келі жылқы етін сатып алған.

Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді
Астанадағы жәрмеңкеге СҚО-ның Жамбыл ауданының тұрғындары таңдаулы ет пен көкөніс әкелді

«Жәрмеңке – өте қолайлы. Бүгін қазы-қартасы бар жылқы еті мен картоп алдым. Бәрі жаңа әрі супермаркеттен арзанырақ. Өндірушілерге үлкен рақмет», – дейді ол.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 20 қазанға дейін жалғасады. Мұнда ет пен көкөністен бөлек, ұн, макарон, сүт және тәттілер де бар. Бұл тек тиімді бағада сауда жасауға ғана емес, отандық өндірушілерді қолдауға да тамаша мүмкіндік.

Тағы оқыңыз: Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *