[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Image-2023-03-06-at-14.02.32-1-3.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Құрылыс саласына қажет материалдарды әзірлейтін «Единство» ЖШС-де 20-ға жуық келіншек еңбек етеді. Соның 3-і — машинист. Ерлерге тән ауыр жұмысты абыроймен атқарып жүргендердің бірі — 60 жастағы Фархана Сафарғалеева. 8 метр биіктікте аспалы кранды бағындырған маманмен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.
Фархана Сафарғалеева темір-бетон өнімдерді шығаратын кәсіпорынға алғаш келгенінде небәрі 20 жастағы бойжеткен еді. Соған қарамастан аспалы кранның тілін тауып, ұжымға тез сіңісіп кетті. Зейнет жасына таяған білікті маманның сөзінше ерадамға тән мамандықты таңдауы бекер емес. Бала кезінен өжет болған ол, мектеп бітірісімен пайдалы іспен айналысқысы келіп, біраз ізденеді. Осылайша, үй құрылысына қажет заттарды дайындауды үйренгісі келеді. Кейін Петропавл техникалық училищесіне «краншы» мамандығына оқуға түседі.
«80-ші жылдары мектеп бітіріп, Петропавлдағы 24-ші училищеге оқуға түстім. Оқу орнын бітірісімен бізді жолдама бойынша темір-бетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорынға жіберді. Ол жерде 4 жылға жуық жұмыс істедім. Одан үй құрылысы комбинатына ауыстым. Сол жерден декреттік демалысқа кеттім. Қызым өскесін жұмысқа шығып, басқа құрылыс компанияларында еңбек еттім. Бірақ, краншы жұмысын ұмыта алмадым, бұл кәсіп ер адамдардың қолы болғанымен, ауыр болса да өзіме ұнайды», — дейді Фархана Сафарғалеева.
Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі — темірбетон бұйымдарын шығаратын зауытта Фархана Ануарбекқызы 20 жылдан бері еңбектеніп келеді. Таңғы сағат 8-де сүйікті жұмыс орнына келіп, ең алдымен кранды қосады. Түрлі құрылыс материалдарын бір цехтан екінші цехқа тасымалдайды, не болмаса орнатады.
«Мұндай жұмыста ең бастысы мұқият болу керек. Сонымен қатар, салқынқандылық танытып, өзіңе жүктелген міндетті абыроймен атқару қажет. Мен өз жұмысымды қатты сүйемін. Әрине әйел баласына тым қиын деп біреу айтуы мүмкін, бірақ соған қарамастан кез келген ауыртпалықты көтере алатыныма сенімдімін», — дейді Фархана Сафарғалеева.
Маман 20 жыл ішінде көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп, қиын жұмыстың қыр-сырына үйретті. Фархана Сафарғалеева мұнымен қоса ардақты жар, аяулы ана, асыл әже. Құрылыс саласына ғұмырының 40 жылын арнаған краншы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен де марапатталды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]