Өңірде «AMANAT» партиясы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд ұйымдастырды. Акция барысында ашық люктер, электр қондырғылары және балалар мекемелеріндегі терезелердің жағдайы тексерілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қала шетіндегі аудандарға назар құдық қақпақтарының ұрлануы жиі кездеседі. Ашық люктер тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіреді.Сондықтан папртия мүшелері алдымен соларға назар аударды.

Ашық люктер мен электр қондырғылары партиялықтардың назарында  
Ашық люктер мен электр қондырғылары партиялықтардың назарында

«Қайғылы жағдайды күтіп отырмай, алдын алу шараларын күшейтуіміз керек. Әр адам қауіпті байқаса, жауапты мекемелерге дереу хабарлауы тиіс», – деді қалалық мәслихат депутаты Тимур Жұманов.

Рейд кезінде аулалардағы электр қондырғылары да тексерілді. Бұл құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі өрт қаупін арттырады.

Балалар қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінді. «Бақытты отбасы» жобасы аясында мектептер мен балабақшалардағы терезелерге орнатылған құлыптар мен бекіткіштердің бар-жоғы қаралды. Анықталған мәселелер тиісті органдарға жеткізілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бүтін бір ауыл сабанмен жылытылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *