Аса ауыр сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға  369 200 теңге төленеді

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған  қарсы іс-қимылға өзге де түрде көмектескен  адамға  сыйақы төленеді. Оның мөлшері  110 мың теңгеден бастап, 369 мың теңгеге дейін, деп жазады  Qazaqstan Media тілшісі.

Пара беру немесе алу туралы фактіні хабарлаған ремесе оны әшерелеуге көмектесен адамға сыйақы төлеу арнайы бұйрықпен бекітілген. Оның орындалуын Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қадағалайды. Ынталандыру сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

 — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (110 760 теңге);

— онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК (147 680 теңге);

— ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (184 600 теңге);

— ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК (258 440 теңге);

— аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (369 200 теңге).

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x