СҚО-қа жұмыс сапарымен келген сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Aimer супермаркетінің жұмысымен де танысты. Аталмыш супермаркет Петропавлда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 2 филилалы бар. Келер жылы Көкшетау мен Петропавлда тағы сауда нүктесін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аimer супермаркеті қала тұрғындарына тек өз өнімдерін ұсынады. Өздерінің жеке 8 цехы бар. Супермаркетте тек қазақстандық және жергілікті өнім ұсынылған.

Арман Шаққалиев: Жергілікті кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіледі

Арман Шаққалиев: Жергілікті кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіледі

«Біз  цехымызда ет өнімдерінен бастап, жартылай фабрикаттар мен түрлі салаттарға дейін  дайындаймыз. Өзіміздің наубайханамызда бар. Тұрғындарға тек сапалы өнім ұсынуға тырысамыз. Супермаркетте мәселен сүттен тек жергілікті өнім сатылады. «Зенченко и К» және «Молсервис» кәсіпорындарынан аламыз. Қазақстандық тауарларға 9-10 пайыз ғана үстемеақы қосамыз. Ал өзімізде шығарылатын өнімдердің бағасын аздап қана көтереміз», – деді Aimer супермаркетінің коммерциялық директоры Марина Лисяная.

Арман Шаққалиев: Жергілікті кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіледі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз кезегінде жергілікті өнім мен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан  әрқашан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Арман Шаққалиев: Жергілікті кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіледі

«СҚО-ның бірнеше ірі кәсіпорындарының жұмысымен таныстым. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай қолдау бар екенін де айтып түсіндірдім. Барлық облыста қолжетімді сауда сөрелері болуы маңызды. Қызылжар өңірінде мұның барлығы бар екен. Өніміне сұраныс азайып кеткен серіктестіктердің басшыларымен де кездестім. Тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Шетелдік тауарларға тексерісті күшейтіп, жергілікті өнімдерге сұраныс арттыруымыз керек», – деді Арман Шаққалиев.

Тағы оқыңыз:СҚО-ға жұмыс сапарымен сауда және интеграция министрі келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x