орман өрті

Аптап ыстықта өрт оқиғалары да көбейді. Мұндай уақытта, қызыл жалын әсіресе ормандарда  жиі тіркеледі. Бүгіндері қызыл жалын 57 гектар алқапты шарпыған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі таңда облыс аумағында ауа температурасы +35, +36 градусты көрсетіп тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, демалыс күндері термометр бағаны +40, +41 градусты көрсетеді. Сол себепті, өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Өйткені, ми қайнататын аптап ыстықта дала өрті де өрши түседі.

«Ормандарды күзету және қорғауды 12 орман шаруашылығы іске асырады. Олар 25 өрт сөндіру автокөлігімен, 16 өрт сөндіру станциясымен, 88 трактормен, патрульдік автомобильдермен және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған. Орман қорының 16 интерактивті бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Қабылданған шараларға қарамастан, 2023 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша орман қорына қауіп төндіретін 104 өрт оқиғасы тіркелді. Соның 14-інде қызыл жалын ормандарға өтіп, 57,7 гектар алқапты от шарпыды. Келтірілген шығын 3,8 млн теңгені құрады», — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік кодекстің 367-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК немесе 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері аталған заңды бұзғаны үшін 19 хаттама толтырылып, 353 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: Саябақта жарақат алған 5 бала амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x