Белгілі археолог Анатолий Плешаков жаңа Конституция жобасын қолдайды. Өзгерістердің арқасында тарихи орындарды зерттеу одан әрі жеңілдей түседі деп есептейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тарихи және мәдени мұраны сақтау, ескерткіштерге ұқыпты қарау – заңды негізге ие. Бұл тұжырым ҚР жаңа Конституциясы жобасының 40-бабында бекітілген. Оны археолог Анатолий Плешаков қолдайды.
Профессор өз қызметі барысында солтүстік өңірдің бірегей ескерткіштерін зерттеген. Соның бірі – жылқы алғаш қолға үйретілген Ботай қонысы. Азамат биыл жастармен бірге өзінің 57-ші маусымына шыққалы отыр.
«Мен ғалым ретінде мәдениетке, білімге, тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне қатысты тармақтарға ерекше назар аударғым келеді. Біздің еліміздің тамыры тереңде жатыр. Өйткені жер шарындағы алғашқы жылқы дәл біздің Қазақстан аумағында қолға үйретілгені бекер айтылмайды. Біз бұл туралы айтып келеміз, бұл жөнінде әлем ғалымдары да айтады. Бұл – біздің зерттеулеріміз, біздің жетістіктеріміз, — деді белгілі археолог.
Тағы оқыңыз: Жалған ақпараттарға сенбеңіздер!

