Ата заңның 37-ші бабында барлық адам тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті екені жазылған. Бұл бастаманы Шал ақын аудандық мәдениет үйінің режиссері Анастасия Антоненко қолдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл дегеніміз – еліміз аталған салаға айрықша көңіл бөледі деген сөз. Мемлекеттің басты құжатындағы мұндай толықтыру Шал ақын аудандық мәдениет үйінің режиссері Анастасия Антоненконың көңілінен шығып отыр. Оның сөзінше, жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және бай мәдени мұрамызды келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.

Азаматша талай жылдар бойы би өнерімен айналысқан. Қазіргі таңда шәкірт тәрбиелеп жүр. Сондықтан да ұл-қыздарының болашағына қатты алаңдайды.

«Өзімнің «Ақжарқын» атты би тобым бар. Құрамына ондаған қыз кіреді. Ұжымымның толағай табыстарға жеткенін қалаймын. Жаңа Конституциялық жобаның нәтижесінде өнер адамдарына көрсетілген қолдау одан әрі артады деп ойлаймын. 5 жасымнан мәдениет саласында жүрмін. Саланың өткені мен бүгінін салыстыруға келмейді. Бөлінетін қаржы да артты, нысандар да жаңартылуда. Өзгертілетін Ата заң бай мәдени мұрамызды әлемге паш етуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *