[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»14697,14698,14699,14700,14701″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Солтүстікқазақстандық «AMANAT» партиясының белсенділері үгіт материалдарын жинау жөніндегі республикалық акцияға қосылды. Олар екі күн ішінде облыс бойынша жапсырылған 200 мыңға жуық парақшаларды жинамақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Біз осындай пайдалы іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Осы акциямен біз жергілікті коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ жалпы қалалық және аула аумақтарын тазалауда мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелері кооперативтеріне өз қолдауымызды көрсетеміз. Партияның экологиялық акцияларын біздің филиал тұрақты негізде өткізеді, бірақ мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылды», — деді «Жастар Рухы» аймақтық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.
Айта кету керек, тазалау кезінде белсенділер тек «AMANAT» партиясының үгіт материалдарын жинайды. Олар басқа партиялардың өкілдері мен бір мандатты округтердегі кандидаттарды да акцияға қосылуға шақырды.
«Бұл — біреудің еңбегін құрметтеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі. Сонымен қатар, біз үгіт материалдарын алып тастауға ғана емес, сұрыпталғаннан кейін оларды екінші өмірге ие болу үшін қайта өңдеуге жіберуге ниеттіміз», — деп атап өтті Біржан Құдайбергенов.⠀
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іс-шараға 420 белсенді, оның ішінде «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ «AMANAT» партиясынан бір мандатты округтер бойынша депутаттыққа бұрынғы кандидаттар қатысады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]