Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Полудино балалар үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін ұмытылмас демалыс болды. Оны «AMANAT» партиясы СҚОФ Әйелдер қанатының белсенділері өткізді. Балаларға арналған мерекелік іс-шара «GREEN PARK» демалыс базасында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қарда жүргішпен серуендеп, түрлі дала және үй жануарларымен танысты. Табиғат аясындағы демалыс балаларға ерекше әсер сыйлады. Олар өздерін ертегі әлеміне енгендей сезінді.

Мерекелік бағдарлама аясында кең дастархан жайылып, балаларға арнайы әзірленген тәттілер мен дәмді тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, Аяз ата мен Ақшақар келіп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Балалардың алдын ала жазған барлық хаттары назардан тыс қалмай, әрбір баланың арманы орындалды. Оларға арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

«Жаңа жыл – қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөлу аса маңызды болатын мереке. Біз бұл күнді балалар үшін шын мәнінде жылы әрі қуанышты етіп, оларға мерекелік көңіл күй, ғажайыпқа деген сенім мен шынайы қуаныш сыйлауға тырыстық», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы СҚОФ Әйелдер қанатының мүшесі Наталья Апретова.

Тағы оқыңыз: СҚО-дан Олимпиадаға бір спортшы ғана қатысады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *